www.namaztimes.kz сайтында жарияланып жүрген намаз уақыттарын соңғы мұсылман мемлекеті болған Османлы ғалымдарының ең жоғары мекемесі «Машихати Исламийа» ұжымы дайындаған х.1334 [м.1916] жылғы «Илмийа салнамасы» атты күнтізбемен Истанбул Университеті құрамындағы Қандилли обсерваториясының «14» санды 1958 ж. жарияланған «Түркияға арналған Әуқати шаръийа»(шариғат белгілеген уақыттар) кітабындағы әдістер бойынша есептедік.
Ғибадаттардың уақытарын анықтау, белгілеу және жариялау діни сауаттылықты талап етеді. Фиқһ ғалымдары мужтаһидтерден алған білімдерін фиқһ кітаптарына жазған. Бұрыннан білдірілген уақыттарды есептеу жаиз, оған рұқсат бар. Бірақ бұл уақыттарды ислам ғұламаларының мақұлдауы да шарт. Бұлардан 1926 жылдағы «Тақуими зия» атты күнтізбеде былай делінеді: «Бұл күнтізбе Діни істер басқармасына қарасты ғылыми кеңес тарапынан зерттеліп, тікелей басқарманың қолдауымен басып шығарылған.» Дін істерінде Ислам ғалымдары және мұсылман астрономия мамандары дұрыстаған намаз уақыттарын пайдалану керек. Әлмалылы Хамди Языр «Сәбил-ур-рәшад» журналының 22-ші томында осы мәселеде анықтама берген.
Шынайы дін ғалымдарынан және хәйәт (астрономия) ілімінің мамандарынан құралған намаз уақытын есептеу комиссиямыздың ең ілгері технологиялармен және астрономиялық есептермен тапқан намаз уақыттарының Ислам ғалымдарының ғасырлардан бері қоданып келген “Руб-и Даира” атты құралмен есептеген уақыттарымен бірдей шыққандығын көрдік. Бір қаланың ең биік ауданына тән болған тәмкин уақытын өзгертуге болмайды. Егер тәмкин уақыты қысқартылатын болса, бесін және одан кейінгі намаздар уақыттарынан бұрын оқылған болады. Оразаға да сәре уақыты шығып кеткеннен кейін басталған болады. Мұндай оразалар және намаздар сахих болмайды. 1982 жылға дейін тәмкин уақыты және күннің намаз уақытына қатысты горизонттан биіктік бұрыштарын ешкім өзгертпей келген еді. Бүкіл ғалымдар, әулиелер, шайхул Исламдар, Муфтилер, бүкіл мұсылмандар ғасырлар бойы намаздарының барлығын үнемі тәмкин қосылған уақыттарда оқыған және оразаларын да тәмкин қосылған уақыттарда ұстаған.
Бүгін де барлық мұсылмандардың осы Иджма-и муслиминнен (Мұсылман ғұламаларының ауызбірлігінен) ажырамай намаздарын шариғи уақыттарда оқулары және оразаларын да шариғи уақыттарда тұтулары керек.
1983 жылдан бұрынғы күнтізбелердің, (күнтізбелерде жарияланып келген намаз уақыттарының) қате еместігін бәрі мойындауда. Бұл орайда ешқандай келіспеушілік жоқ. Мәселен Түркия Діни істер басқармасының 30 наурыз 1988 жылғы “234-497” санды бүкіл муфтияттарға жіберілген нұсқауында «1983 жылдан бұрынғы күнтізбелермен қазіргі қолданылып жүрген жаңа әдістеріміздің арасында тек қана тәмкин уақыты айырмашылығы ғана бар. Сондықтан 1983 жылдан бұрынғы күнтізбелер қате емес» деп жазылған.
Сайтымызда жарияланған намаз уақыттары және ораза кестелерінде тәмкин уақыты және намаз уақыттарына қатысты күннің шариғи горизонттан биіктік бұрыштары мүлдем өзгертілген емес, намаз және ораза уақыттары дұрыс білдірілген. Бір қалада бір ғана тәмкин уақыты болады. Бұл да кез келген бір намаздың астрономиялық формулалармен, астрономиялық горизонт бойынша табылған уақыттан (Астрономиялық есеппен табылған уақыттан) дұрыс уақыт болған яғни шариғи уақытты табу үшін қолданылады. Қысқаша айтқанда тәмкин уақыты: Астрономиялық горизонт бойынша астрономиялық формулалармен табылған уақыттарды Ислам ғалымдарының кітаптарында намаз уақыттары үшін білдірген аспан сферасындағы белгілердің пайда болатын шариғи уақыттарына әкелетін мерзім болып табылады.
Әрбір намаз уақыты үшін бөлек бөлек тәмкиндер жоқ. Күннің шығуы және батуында қолданылуы міндетті, зәру екендігі білдірілген тәмкин мерзімінің жоғарыда да білдірілгені бойынша имсак, құптан және басқа да бүкіл намаз уақыттарында да қолданылуы міндетті. Тәмкин уақытын ықтияттық деп ойлап имсак уақытын 3-4 мин кешіктірген адамның оразасы фасид болатыны, яғни бұзылатыны және ақшам уақытын 3-4 минут ертеге алған адамның оразасымен қоса ақшам намазының да фасид болатыны (яғни бұзылатыны) «Дурр-и йакта» кітабында жазылған.
Төрт мазһабта да Имсак (ауыз бекіту) уақыты шариғи түннің соңында басталады. Яғни фәжри садық деп аталатын таңғы шапақтың немесе ағарудың шығыстағы заһири (көрінетін) горизонт сызығының бір нүктесінде көрінуімен басталады. Ораза да дәл осы уақытта басталады. Яғни күннің үстіңгі шеті заһири горизонт сызығына 19 градус қалғанда басталады. Ислам ғалымдары ғасырлардан бері фәжр биіктігінің горизонттан -19 градус екендігін және басқа сандардың дұрыс еместігін ауызбірлігімен білдірген.
Ислам астрономиясының ғалымы Ахмед Зия бек «Руб-и даира» атты кітабында былай дейді: «Еуропалықтар фәжри садықтың бастамасы ретінде горизонт бетіндегі ағарудың (таңғы шапақ) толығымен жайылған уақытын есептеуде. Сондықтан фәжр есептерінде күннің биіктігін -18 градус деп алуда. Ал біз горизонт бетіндегі ағарудың алғаш көрінген уақытын есептеудеміз. Сондықтан күннің биіктігі -19 градусқа көтерілген уақытын табамыз. Өйткені ислам ғалымдары имсак уақытын таңғы ағарудың горизонт бетіне тараған уақытын емес, таңғы АҒАРУДЫҢ ГОРИЗОНТ БЕТІНДЕ АЛҒАШ КӨРІНГЕН УАҚЫТЫ екендігін білдірген.» Яғни Ислам ғалымдары ғасырлардан бері фәжр (имсак) уақытында күннің үстіңгі шетінің биіктігі горизонттың астында -19 градус болатынын және басқа сандардың дұрыс еместігін білдірген. Фәтуа осылай берілген. Мүжтаһид емес адамдардың бұл фәтуаны өзгертуге ақылары жоқ. Фәтуаға сай болмаған ғибадаттар сахих болмайды. Мұсылмандардың дін істерінде христиандарға және мазһабсыз дүмшелерге емес, ислам ғалымдарына мойынсұнуы керек.
Тәмкинсіз есептелген және күннің горизонт астындағы биіктігі (-18) градус деп есептелген имсак уақыттары қате.
Күннің горизонт астындағы биіктігін (-18) деп алып шариғи ережелерге бағынбай және тәмкин уақытын да мүлдем есепке алмай есептелген кестелерде имсак уақытында шамамен (Қазақстан сияқты координаталары 40-55 градус ендік арасында орналасқан елдердің) Оңтүстік аймақтарында 10-15 минуттық айырмашылықтар, ал солтүстік аймақтарда 30-40 минутқа дейін баратын айырмашылықтар орын алуда. (Бұл жаз айлары үшін.) Осындай тәмкинсіз жасалған кестелердің салдарынан мұсылмандар шынайы ауыз бекіту уақытынан (имсактан) 10-15 минут өткен соң ауыз бекітіп, оразаны бастап жатыр.
Дәл сол сияқты имсакты есептеудегі тәмкин уақытымен байланысты қателер құптан уақытында да қайталануда.
Құптан намазының уақыты - Имамейннің (яғни Имам Әбу Юсуфпен Имам Мұхаммедтің) үкімі бойынша және басқа да үш мазһабтың үкімі бойынша батыстағы заһири горизонттың, яғни көзбен көрінетін горизонт сызығының бетінде кешкі шапақ-қызғыш реңнің жоғалған уақыты, яғни күннің үстіңгі шетінің горизонт астына -17 градусқа түскен уақыты деп белгіленген. Намаз уақыттары есептелгенде күннің горизонт астындағы имсак уақытына тән болған биіктік бұрышы да өзгертілмеуі тиіс.
Құптан уақыттарын белгілеуде ешқандай дәйексіз
жасалып жүрген қателіктер:
Құптан намазы уақытының дұрыс есептелуі үшін, яғни батыс горизонтта (күннің) қызғыштығының-шапағының жоғалуы үшін міндетті (зәру) болған тәмкин уақыты мұнда да астрономиялық формулалармен табылған құптан уақытына қосылуы керек. Өйткені күннің шығуы және батуында күзетілгендей зәру болған тәмкин мөлшері астрономиялық формулалармен табылған құптан уақытына қосылмаса, батыс горизонттағы кешкі шапақ-қызылдық жоғалмайды. Батыс горизонтта кешкі шапақтың толық жойылуы үшін уақыттарға міндетті түрде тәмкин мөлшерін қосу шарт. Олай етпеген жағдайда намаз өз уақытынан бұрын, яғни уақыты кірместен оқылған болады. Тәмкин мөлшерін ешқандай ғылими дәйексіз алып тастауының салдарынан 1982 жылы және оған дейінгі жылдарда жарияланған намаз уақыттарындағы құптан уақытымен 1983 жылдан кейінгі жылдарда жарияланған құптан уақыттарында (Қазақстан сияқты координаталары 40-55 градус ендік арасында орналасқан елдердің оңтүстігінде 8-11 минуттық, ал солтүстік аймақтарында 15-25 минуттық) айырмашылықтар орын алуда және құптан намаздары уақыты кірмей тұрып оқылуда.
Осы себептерге байланысты тәмкин мөлшерлерін және сол арқылы намаз уақыттарын өзгерту жаиз емес. Намаз уақыттары есебінде міндетті, зәру түрде қолданылуы тиіс болған «тәмкиннің» сөздіктегі мағынасына қарап, мұны ықтият уақыты деп ойлап, қалың жұртшылықтың ойын осылайша қате тұжырымға бағыттау дұрыс емес. Тәмкин мөлшерін жартылай немесе толығымен алып тастау және имсак уақытына тән болған горизонт астындағы биіктік бұрышын -19 дан -18 градусқа өзгерту шынайы дұрыс болған имсак және намаз уақыттарын өзгерту болып табылады.