Namaztimes.kz logo
 

API Елдер тізімі

REST API


REST API Namaztimes.kz сайтының дерекқорын қолдана отырып қарапайым HTTPS сұранысы арқылы елдер тізімін алуға мүмкіндік береді.
REST API ақпараттарды JSON, XML форматтарында алуды қамтамасыз етеді. Барлық ақпараттар UTF-8 кодировкасы бойынша.

Анықтама


GET сұратым жіберіңіз мұнда

https://namaztimes.kz/api/country[?id={country_id}][&type={format}]

API - HTTPS сұратымын қабылдайды.
Қолданымдағы форматтар xml, json.

{country_id} бөліміне бір елдің id нөмірін көрсетуге болады.
Егер {country_id} көрсетілмесе барлық елдерге қатысты мәлімет шығады.

{format} арқылы деректерді xml, json форматын көрсетуге болады. Егер {format} көрсетілмесе онда автоматты түрде json форматы еніп, console.dir функциясы іске қосылады.

Міндетті түрде іздеу боттарының сұратымдарын сүзгіден өткізіңіз. Мұны мынадай қарапайым түрде жүзеге асыруға болады:

$is_bot = preg_match(
"~(Google|Yahoo|Rambler|Bot|Yandex|Spider|Snoopy|Crawler|Finder|Mail|curl)~i",
$_SERVER['HTTP_USER_AGENT']
);
$result = !$is_bot ? json_decode(file_get_contents('https://namaztimes.kz/api/states?id={country_id}'), true) : [];
var_dump($result);

Сондай-ақ тұтынушы тарапынан 100 бет парақталған жағдайда, АРІ-ге 100 рет сұратым жасамау үшін сұратым нәтижелерін кеш ету қажет.

Қолданым мысалдары


GET https://namaztimes.kz/api/country?type=json

JSON форматында барлық елдер туралы ақпарат шығарады.

GET https://namaztimes.kz/api/country?type=xml

XML форматында барлық елдер туралы ақпарат шығарады.

GET https://namaztimes.kz/api/country?id=99&type=json

Бірегей нөмірі {country_id} = 99 болған ел туралы ақпарат шығарады. Яғни Қазақстанды көрсетеді JSON форматында.

GET https://namaztimes.kz/api/country?id=99&type=xml

Бірегей нөмірі {country_id} = 99 болған ел туралы ақпарат шығарады. Яғни Қазақстанды көрсетеді XML форматында.

Нәтижелерге мысалдар


API-ге JSON бойынша сұратым. Барлық елдер тізімі

    //GET https://namaztimes.kz/api/country
    {
        1: "Ауғанстан",
        2: "Албания",
        3: "Алжир",
        ...
    }
    

API-ге XML бойынша сұратым. Барлық елдер тізімі

    //GET https://namaztimes.kz/api/country?type=xml
    <response>
        <country>Ауғанстан</country>
        <country>Албания</country>
        <country>Алжир</country>
        ...
    <response>
    

API-ге {country_id} бойынша JSON сұратым.

    //GET https://namaztimes.kz/api/country?id=99&type=json
    {
        id: "99",
        name: "Қазақстан"
    }
    

API-ге {country_id} бойынша XML сұратым.

    //GET https://namaztimes.kz/api/country?id=99&type=xml
    <response>
        <id>99</id>
        <ru>Казахстан</ru>
    </response>
    

Нәтижелердің анықтамасы


API бойынша алған нәтижелердің анықтамасы.

id – мемлекеттің бірегей нөмірі.

name – Ел атауы.