Namaztimes.kz logo
 

Сайт туралы

"www.namaztimes.kz" сайтында берілген намаз уақыттарын соңғы мұсылман мемлекеті болған Османлы ғалымдарының ең жоғары мекемесі «Машихати Исламийа»ұжымы дайындаған х.1334 [м.1916] жылғы «Илмийа салнамасы» атты күнтізбемен Истанбул Университеті құрамындағы Қандилли обсерваториясының 1958 ж. жариялаған«Әуқати шариъийа» (шариғат белгілеген уақыттар) кітабындағы әдістер бойынша есептедік.

Дәл осы уақыттар жайлы 1926 жылғы «Тақуим-и Зийа» күнтізбесінде уақыттардың халифат діни істері мекемесі тарапынан тексерілгендігі атап көрсетілген. Яғни ғибадат уақыттарын есептеуде ғасырлардан бері қолданылып келе жатқан әдістерге сүйендік.

Ғибадаттардың уақытарын анықтау, белгілеу және жариялау діни сауаттылықты талап етеді. Фиқһ ғалымдары мужтаһидтерден алған білімдерін фиқһ кітаптарына жазған. Бұрыннан белгілі уақыттарды есептеуге рұқсат бар. Бірақ бұл уақыттарды ислам ғұламаларының мақұлдауы да шарт.

Дін істерінде Ислам ғалымдары және мұсылман астрономия мамандары дұрыстаған намаз уақыттарын пайдалану керек.

Шынайы дін ғалымдарынан және хәйет (астрономия) ілімінің мамандарынан құралған намаз уақытын есептеу ұжымының ең ілгері технологиялармен және астрономиялық есептермен табылған намаз уақыттарының Ислам ғалымдарының ғасырлардан бері қоданып келген “Руб-и Даире” атты құралмен есептеген уақыттарымен бірдей шыққандығы анықталды.

1982 жылға дейін әлемдегі барлық шариғи күнтізбе және ораза кестелері бірдей әдіспен есептелуде еді.  Бірақ кейіннен бір қатар баспалар ескі әдісті тастап, ғасырлар бойы қолданылған «тәмкин» және күннің көкжтектен биіктік бұрыш дәрежелерін ауыстыруға тырысуы салдарынан ондаған басқа-басқа кестелер, күнтізбелердің пайда болуына себеп болды.

Құрметті муфтилер және есеп мамандарынан құралған ғылыми комиссия тарапынан ең озық технологиямен жасаған есептері арқылы кестеміздегі намаз және ораза уақыттарының дұрыстығы тексерілді. Ғасырлар бойы ғұламалар, шайхулисламдар және бүкіл мұсылмандар ғибадаттарын тек шариғи уақыттарда орындаған. Кестемізде берілген уақыттар да сол ғұламалардың ғасырлар бойы қолданып келген және дұрыстығы әр ғасырдың ислам ғұламасы тарапынан қолдау тапқан әдістері және формулалары арқылы есептелді.

Қазір де бүкіл мұсылмандардың осы Ижма-и муслиминден (Мұсылман ғалымдарының ауызбірлігінен) айрылмаулары, фәтуаға бағынулары керек. 

 

info@namaztimes.kz  

http://www.namaztimes.kz