Биылғы 2016 (хижри 1437/1438) жылдағы қасиетті күндер мен түндер

Григориандық: 2016 | Хижри: 1437-1438

Қасиетті күндер Хижри жылсанағы бойынша күндер(1437-1438) Григориандық жылсанақ бойынша күндер (2016) Күндер
Үш айлардың басталуы 1 Ражап (1437) 8 Сәуір (2016) жұма
Рағаиб түні 30 Ж.ахир/1 Ражап (1437) 7/8 Сәуір(2016) бейсенбі/жұма
Миғраж түні 26/27 Ражап (1437) 3/4 Мамыр (2016) сейсенбі/сәрсенбі
Бәрат түні 14/15 Шабан (1437) 21/22 Мамыр (2016) сенбі/жексенбі
Рамазан айы 1 Рамазан (1437) 6 Маусым(2016) дүйсенбі
Қадір түні 26/27 Рамазан (1437) 1/2 Шілде (2016) жұма/сенбі
Ораза айттың I-түні 30 Рамазан/1 Шәууал (1437) 4/5 Шілде (2016) дүйсенбі/сейсенбі
Ораза айттың I-күні 1 Шәууал (1437) 5 Шілде (2016) сейсенбі
Ораза айттың II-күні 2 Шәууал (1437) 6 Шілде (2016) сәрсенбі
Ораза айттың III-күні 3 Шәууал (1437) 7 Шілде (2016) бейсенбі
Тәруия күні 8 Зүл-хиджа (1437) 10 Қыркүйек (2016) сенбі
Арапа күні 9 Зүл-хиджа (1437) 11 Қыркүйек (2016) жексенбі
Арапа түні 9/10 Зүл-хиджа (1437) 11/12 Қыркүйек (2016) жексенбі/дүйсенбі
Құрбан айттың I-күні 10 Зүл-хиджа (1437) 12 Қыркүйек (2016) дүйсенбі
Құрбан айттың II-күні 11 Зүл-хиджа (1437) 13 Қыркүйек (2016) сейсенбі
Құрбан айттың III-күні 12 Зүл-хиджа (1437) 14 Қыркүйек (2016) сәрсенбі
Құрбан айттың IV-күні 13 Зүл-хиджа (1437) 15 Қыркүйек (2016) бейсенбі
Мухаррам (хижри жаңа жыл) түні 29 Зүл-хиджа/1 Мухаррам (1437-1438) 1/2 Қазан (2016) сенбі/жексенбі
Хижри жаңа жыл күні 1 Мухаррам (1438) 2 Қазан (2016) жексенбі
Ашура түні 9/10 Мухаррам (1438) 10/11 Қазан (2016) дүйсенбі/сейсенбі
Ашура күні 10 Мухаррам (1438) 11 Қазан (2016) сейсенбі
Мәуліт түні 11/12 Рабиул-әууәл (1438) 11/12 Желтоқсан (2016) жексенбі/дүйсенбі
 

Ескерту:
* Тәруия күні - Зүл-хиджа айының 8-ші күні. Бұл күні - қажылар Меккеден Минаға шығады. Хадис шәрифте былай делінеді:

Бір мұсылман тәруия күні ораза ұстаса және күнә сөз айтпаса, Аллаһу та'ала әлбетте оны жәннатқа кіргізеді.

Бұл күннің "тәруия" деп аталуы, қажылардың сол күні Зәмзәм суынан әбден ішіп қануларынаның себебінен.


* Қасиетті түнге өзінен кейінгі келетін күннің аты беріледі. Бір күн бұрынғы бесін намазының уақытынан, сол түннің имсак уақытына дейінгі аралық.


* Арапа және құрбан айттың күндері мен түндері бұлай емес. Олардың күндері түндерінен бұрын келеді. Арапа күні Зүл-хиджаның 9-шы күні. Басқа күндерге Арапа деп айтылмайды. Құрбан айттың түндері - құрбан айттың бірінші, екінші, және үшінші күндерінен кейінгі түндер. Бұл үш күнге "Әййами нахр" деп айтылады.


* Бұлардан басқа Ражап айының түндері, Ораза айттың қалған түндері, Зүл-хиджа айының алғашқы он түні,  Мухаррам айының алғашқы он түні, жұма және дүйсенбіге қараған түндер де қасиетті түнге жатады.


* Бұл түндерге немқұрайлы қарамау керек. Бұл түндерде қаза намаздарды оқу керек, Құран оқу керек, дұға және тәубе ету қажет, садақа беріп, мұсылмандарды қуанту керек, олардың сауаптарын өлген мұсылмандарға да бағыштау керек. Бұл түндерге құрмет ету керек. Құрмет ету күнә істемеу арқылы болады.