Сайтыңыз үшін намаз кестесі

Бұл веб құрал арқылы Қазақстандағы қалалармен біршама аудандардың намаз уақыттарын өз веб сайтыңызға орналастыра аласыз. Ол үшін төмендегі HTML кодтарды, сайтыңыздың намаз уақыттары кестесін қойғыңыз келген бөлігіне көшіруіңіз керек.

Html код: Намаз кестесінің сайтқа шығатын көрінісі:

Намаз уақыттары кестесі жөнінде нұсқаулық анықтама

Қала іздеу:

Бұл веб құрал компьютерге алғаш рет жүктелген кезде автоматты түрде «Алматы» қаласының намаз уақыттары шығады. Кестеге өзіңізге керекті қаланы енгізу үшін төмендегі амалдар ретімен жасалады:

- Үлкейткіш (лупа) суреті тұрған түймеге басқанда «Қала іздеу» бөлімі ашылады.

- «Аймақты таңдаңыз» деп жазылған бөлімді басу арқылы өз қалаңызға тиесілі облысты таңдайсыз. Мәселен сізге Астана қаласы керек делік. Астана қаласының уақытын табу үшін «Ақмола» облысын таңдайсыз. Одан соң «Қаланы таңдаңыз» деген келесі бөлім ашылады. Ол жерден Астана қаласын таңдасаңыз автоматты түрде Астана қаласының намаз уақыттары ашылады.



Уақыт таңдау:

Күнтізбелерде «имсак, күн, бесін, екінді, ақшам, құптан» деп көрсетілетін 6 уақытқа қосымша ретінде тағы 11 уақытпен бірге жалпы 17 уақыттың барлығы немесе таңдалатындары бұл «Web құралда» көрсетіледі. Бұл уақыттар ретімен мынадай:

1) Имсак, 2) таң, 3) күн, 4) ишрақ, 5) дахуа-и кубра, 6) керахат, 7) бесін, 8) екінді (аср-и әууәл), 9) аср-и сани, 10) исфирари шәмс, 11) ақшам, 12) иштибаки нужум, 13) құптан, 14) иша-и сани, 15) түннің жартысы (түннің 1/2), 16) тәһәжжүд, 17) сәре.



Карта және қыбла бағытын анықтау:

Жоғарыдағы сол жақтан екінші қатардағы картаның суреті тұрған құтышаға басылса, ашылған бетте таңдалған қаланың картасы және қыбла бағытын көрсететін сызық көрінеді.

Қаладан шыққан жасыл сызық қыбла бағытын көрсететін сызық.

Картаның үстіне апарып мышканның сол жақ түймесін екі рет басу арқылы қаланы қалағанымызша үлкейте аламыз, ал оң жақтағы түймені басу арқылы қалағанымызша кішірейте аламыз.



Мәлімет:

Үстінгі қатардың оң жақтағы ең шеткі "леп белгі" суретіне басқанда, ашылған беттегі сілтемелерден кестеге және намаз уақыттарына қатысты бірқатар мәліметтер алуға болады.

Кері байланыс үшін "info@namaztimes.kz" электронды пошта адресімізге хат жолдай аласыз. Ең төмендегі «www.namaztimes.kz» деп жазылған сілтемеге басылса http://www.namaztimes.kz/ сайтымыздың негізгі беті ашылады.